Басты бет » Мәдениет » Ұмытылмайтын ерлік ұлықталды

Ұмытылмайтын ерлік ұлықталды

14 қаңтар — Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күні. Биыл — батыр қыздың қайтыс болғанына 75 жыл. Осыған орай Ақтөбе қалалық Мәдениет үйі жанынан құрылған «Әлия-Мәншүк-Хиуаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері Әлия ескерткішінің алдына жиналып, гүл шоқтарын қойды.

Батыр қызды еске алу шарасында сөз алған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Юнисова тағылымды шараның жастар үшін маңызы зор екендігін айтып, патриоттық рух берер шараны ұйымдастырған клуб мүшелеріне алғысын білдірді. Әлияның өшпейтін ерлігі өскелең ұрпақ жадында мәңгі сақталатындығын айтқан «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес жастарды отаншылдыққа тәрбиелейтін шараны ұйымдастырушыларға өз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ жиын барысында батыр қыздардың ерлігіне қанық болған клубтың жас мүшелері ант қабылдады.

Шара соңында түрлі патриоттық әндер шырқалып, «Әлия гүлі» қазақ би ансамблі би биледі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*