Басты бет » Жаңалықтар » Әскерилер кәсіби даярлықтан емтихан тапсырды

Әскерилер кәсіби даярлықтан емтихан тапсырды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығындамамандық бойынша бақылау сабақтары өтті. Бұл шараға Ақтөбе және Атырау, Ақтау гарнизондарындағы әскери қызметшілер қатысты.

10 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында«Батыс» өңірлік қолбасшылығының толық жеке құрамы мамандық бойынша даярлық сабақтарына жұмылдырылған болатын. Бұл іс-шараның басты мақсаты — әскери бөлімдерде оқыту пәндері бойынша жеке құрамының оқытылу деңгейін, әскери қызметшілердің өздерінің лауазымдық және арнайы міндеттерін орындай білу шеберліктері мен дәрежесін айқындау.

Даярлықты сапалы өткізу мақсатында 22 мамандық бойынша тәжірибелі офицерлер мен сержанттар құрамынан тағайындалған 400-ге жуық нұсқаушы-маман іріктелген-ді. Сабақтар барысында олар автомобильді техника жүргізушілері, броньды танк техникасының механик-жүргізушілері, көздеуші операторлар, артиллерияшылар, байланыс, инженерлік-саперлік, барлау бөлімшелерінің мамандары бойынша әскери қызметшілерді даярлауға ерекше назар аударды, сондай-ақ жеке құрамның әртүрлі оқ-дәрілерді, техниканы, мүлікті қолдану және оларды пайдалану қағидаларының тәсілдері мен әрекет ету қағидатын жан-жақты оқып-үйренуіне зейін қойды.

Бақылау сабақтарының қорытындысы бойынша үздік мамандар анықталды. Олардың қатарында «Үздік бөлімше командирі» —  кіші сержант Эльдар Бузруков, «Үздік танк командирі» — сержант Жалғас Әділов, «Үздік нұсқаушы-оператор» —мерзімдік қызметтегі қатардағы жауынгер Александр Славский, «Үздік жүргізуші» — аға сержант Радмир Алисанов, «Үздік гранатаатқыш» — мерзімдік қызметтегі қатардағы жауынгер Иван Зелинский бар.

Қазір әскери қызметшілер әскерлерді даярлаудың келесі кезеңіне өтті, бұл кезеңде қызметшілер үйренгендерінөздерінің бөлімшелері құрамында іс жүзінде пысықтайды.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*