Басты бет » Мәдениет » «Өркеннің» өрнегі

«Өркеннің» өрнегі

Өнер

Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Өркен» балалар вокалдық тобының «Өркенін жайған өрендер» атты мерекелік концерті өтті.

Мақсат — көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау, кішкентайлардың өнерін паш ету. Топтың жетекшiсi — Нұргүл Рамазанова.

— 2015 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығында жас әнші Нұргүл Рамазанованың ұйытқы болуымен «Өркен» балалар вокалдық тобының негiзi қаланды. Бүгiнгi таңда аталған ұжым облыстық, қалалық iс-шараларға белсендi түрде қатысады. Солистері де көптеген байқаулардың лауреаттары, — дейді облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Гүлнар Сейталина.

Мерекелік концертте жас дарындар өздерiнiң шығармашылықтағы жетiстiктері туралы да айтып, көпшілік алдында мемлекеттік тілден бөлек, орыс, ағылшын тілдерінде ән салды.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*