Басты бет » Жаңалықтар » 760 нысан тексерілді

760 нысан тексерілді

Халық қауіпсіздігі

Облыста жеті жүзден астам террористік тұрғыдан осал нысан бар. Оның ішінде мемлекеттік стратегиялық маңызы бар және халық жиі шоғырланатын аймақтарды баса айтуға болады.

Облыстық ішкі істер департаментінің жұмыс тобы өткен жылы 760 объектіні, соның ішінде 75-тен аса маңызды мемлекеттік, 70 стратегиялық, 20 өндірістік және 595 қоғамдық нысандарды тексерген. Нәтижесінде  кейбір заңбұзушылықтар бойынша 362 өтінім беріліп, 13 нысанның жетекшісіне әкімшілік айыппұл салынған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, салынған айыппұлдардың жалпы  көлемі — 27 миллион теңге. Осы ретте  облыстық полиция департаменті террористік тұрғыдан осал нысандардың жетекшілері мен басшыларына терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді, қызметкерлерін оқытуды және өзге де қауіпсіздік мәселелеріне салғырт қарамауды ескертеді.

К.ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*