Басты бет » Басты жаңалықтар » Ақтөбенің жетістікке толы 5 жобасы

Ақтөбенің жетістікке толы 5 жобасы

2018 жылы Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру 2017 жылы басталған жұмыстың қисынды жалғасы ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар басқа өңірлерде жоқ теңдессіз жаңа жобалармен айтарлықтай толықтырылды.

«Бақытты бала» — жылдың басты жобасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бірінші кезекте қазақстандықтардың өсіп келе жатқан ұрпағына бағытталғанын ескере отырып, 2018 жыл ақтөбеліктер үшін «Бақытты бала» жылы деп жарияланды.

«Бақытты бала» жобасы білім беру, мәдени, шығармашылық, спорттық, зияткерлік тәрбиеге және балаларды дамытуға бағытталған 8 бағыт бойынша жүзеге асырылды.

Жүзеге асырылған жұмыстар нәтижесінде елімізде бірінші рет жыл бойы жұмыс жасайтын «Күншуақ» инклюзивті сауықтыру лагері құрылды.

Бюджеттен тыс қаражат есебінен ерекше балаларға арналған орталық, түзету балабақшасы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды.

177 спорттық-ойын алаңдары, жазғы Аквапарк, Мұз айдыны, Теннис орталығы пайдалануға берілді, сонымен қатар жеңіл атлетикалық манеж құрылысы жалғасуда.

25 IT-сыныптар ашылды, мектептер 24 3D-принтерлермен, 27 робототехника жиынтығымен, 28 ультрақысқафокусты проекторлармен жабдықталған.

Облыстың 120 000 оқушысы жазғы демалыспен қамтылды, оның ішінде 15 000 бала Қазақстанның киелі жерлеріне туристік саяхатқа барып қайтты, ал 700-ден астам дарынды бала еліміздің, алыс және жақын шетелдердің үздік жазғы сауықтыру және білім беру лагерьлерінде болды.

Сондай-ақ, облыста алғаш рет жыл бойы қызмет ететін «Әсем» оқу-сауықтыру  орталығы ашылды.

Жоба аясында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударылды. Нәтижесінде  жыл басынан бері кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың атсалысуымен ҚТҚЖБ-дағы балалардың жинақ шоттары 80 миллион теңгеге толықты, 81 жетім балаға жаңа пәтерлер мен үйлердің кілттері табыс етілді.

«Анаға тағзым» — рухани орталық

Ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту және насихаттау мақсатында барлық ақтөбеліктердің қолдауымен жалпы сомасы 240 миллион теңгеге еліміздегі тұңғыш «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы салынды.

Орталыққа келушілер Бопай ханым, Нұрсұлу Тапалова, Роза Жаманова, Әлия Молдағұлова, Аққағаз Досжанова және Қазақстан тарихында маңызды рөл атқарған өзге де үлгі тұтарлық әйелдердің өмірі мен ерліктері туралы толығырақ біле алады.

Сонымен қатар, орталықта психологиялық кеңес беру, қолданбалы өнер, музыкалық білім беру, стиль және дизайн, отбасылық тәрбие және т.б. кабинеттері жұмыс істейді.

2018 жылы 20-21 қыркүйекте Ақтөбе қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында алғаш рет «Анаға тағзым» аналар слеті өтті, аталмыш шараға Қазақстанның барлық өңірінен 1200 әйел қатысты. Слеттің негізгі мақсаты — қоғамдағы әйел-ананың әлеуметтік рөлі мен мәртебесін арттыру, заманауи отбасы, ана және бала, демографиялық саясат мәселелеріне мемлекеттік органдар мен қоғамның назарын аударту, олардың нақты жолдары мен шешімдерін жасақтау.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі

2018 жылы барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жаңа ғимаратының құрылысы аяқталды.

Өңір тұрғындары мен қонақтары үшін 10 тақырыптық зал бар, онда құнды археологиялық олжалар мен раритеттер орналастырылған.

Құрылыс жұмыстарына 635 млн теңге қайтарымсыз негізде «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы, меценат Исламбек Салжанов көмек көрсетті.

Музейдің салтанатты ашылуы ақтөбеліктер үшін маңызды оқиға — «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің келуімен сәйкес келді. Бұл көшпелі көрмеден қала тұрғындары Елбасының өмірі мен тәуелсіз Қазақстанның даму жолынан сыр шертетін құнды экспонаттарды тамашалай алады. Көрермендер назарына Президенттің ең жоғары наградалары, өзге елдің мемлекет басшылары сыйға тартқан кітаптары мен төл туындылары да ұсынылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы

 Әлеуметтік кәсіпкерлікті, қайырымдылықты және меценаттықты дамыту мақсатында 2018 жылғы 11-12 мамырда Ақтөбе қаласында «Өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы» атты халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумы өткізілді. Форум жұмысына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері, Түркия, Израиль, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия кәсіпкерлері қатысты, онда әлеуметтік кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі, шағын және орта бизнес саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында жалпы құны 3,2 милиард теңгеге 786 жоба жүзеге асырылды. Жерлестердің көмегімен білім, мәдениет, спорт салаларына қолдау көрсету мақсатында облыста 5 мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, 4 балабақша, 19 мәдени және басқа да нысандар бой көтерді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы мен аудандарда жерлестер форумдары өткізіліп, белсенділік көрсеткен меценаттар, кәсіпкерлер және еріктілер «Жомарт жүрек» медалімен марапатталды.

«Рухани қазына»

2018 жыл мәдени саладағы жетістіктерімен де ерекшеленеді. Заманауи қазақстандық мәдениетті дамыту мақсатында, «Париж-Ақтөбе: Дебюссиден Жұбановаға дейін» концерті өткен болатын. «Жұбановтар әлемі» орталығының сахнасында ең жоғары деңгейдегі орындаушылар — Франция аспапшылары Юг Борсарелло, Готье Эрманн және олардың қазақстандық әріптестері Қаламқас Жұмабаева, Толқын Қилыбаева, Гаухар Тасбергенова өнер көрсетті. Ұлы композиторлар Клод Дебюсси, Ғазиза Жұбанованың, т.б. шығармалары орындалды.

Облыс ұжымдары Оңтүстік Корея, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Белоруссияда гастрольдер ұйымдастырды. 7 кітапхана жанында заманауи коворкинг орталықтары ашылып, кітапханаға келушілер саны артты.

Ақтөбе облысында 2019 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру мақсатында ауқымды жоспарлар мен жобалар бар.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*