Басты бет » Басты жаңалықтар » Құрылыстар қайта жаңғыртылуда

Құрылыстар қайта жаңғыртылуда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласында ұзақ уақыт бойы салынып жатқан, бүгінде  құрылысы қайта жаңғыртылған нысандарды қарап шықты. 

Облыс басшысы «Мизам» ЖШС-ның Оңтүстік-Батыс ауданындағы 2014 жылдан бері құрылысы тоқтап қалған бес қабатты алты тұрғын үйдің тұрғын үй алабында болды. Төрт жылдан кейін нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта жаңғыртылды. Бүгінде сумен жабдықтайтын, кәріз және газбен жабдықтайтын сыртқы желілер жүргізіліп, пластик терезелер қондырылды, жылу жүйесі жөнделіп, ғимараттың сырты сылануда.

Сондай-ақ Бейбітшілік көшесі бойындағы «Ферро футбол клубы» ЖШС-ның қонақ үйі құрылысы қайта жаңғыртылды. Үш қабатты ғимараттың қаңқасы 2007 жылы тұрғызылған. Тек жуырда ғана нысанның төбесін жабу жұмыстары аяқталып, терезелері орнатылды және ішкі құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісті.

Нысандарды қарап шыққан облыс басшысы жауапты мемлекеттік органдарға облыс орталығындағы барлық проблемасы бар құрылыс нысандарын бақылауды күшейтуді тапсырды. Ақтөбеде ұзақ уақыт бойы салынып жатқан барлығы 28 нысан бар.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*