Басты бет » Ауыл » Нұраға ұялы байланыс орнатылды

Нұраға ұялы байланыс орнатылды

Өткен жылы ҚР Тұңғыш Президенті күні Нұра, Мамыр, Белшер ауылдарына ауызсу құбыры тартылғаны туралы жаңалықпен  көпшілік хабардар болған еді.

Ал соның жалғасындай болып жақында Нұра ауылында «Билайн» ұялы байланыс қондырғысы орнатылып, іске қосылды. Енді Нұра ауылдық округінің төрт елді мекені түгелдей ұялы байланыс қызметін пайдалануға қол жеткізді.

«Билайн» байланыс қондырғысының ашылуына арналған  салтанатты жиында Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Қызбергенов  құттықтау тілегін айтып, енді аудан бойынша қалған үш елді мекенде осындай байланыс қондырғысын орнату үшін жұмыстар жүргізілетініне тоқталды.

Осы жиында еңбек ардагері Нұрқасым Сәрсенбайұлы, Ақтөбе облыстық «Картел Билайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық директоры Юрий Друщенко игі тілектерін жеткізді.

Салтанатты басқосу сәтінде Мырзалиндер отбасының демеушілігімен аз қамтылған отбасылардың он бес баласына планшет сыйға берілді.

Жергілікті тұрғындар шалғай ауылдың халқына деген қамқорлығы үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа шынайы алғыстарын білдіруде.

                                                                             Марат МЫРЗАЛЫ,

Ырғыз ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*