Басты бет » Мереке » Құрметті ақтөбеліктер!

Құрметті ақтөбеліктер!

Өтіп бара жатқан 2018 жыл тарих шежіресіне еніп, маңызды оқиғаларымен есте қалды. Біз оны терең ризашылық сезіммен шығарып салайын деп тұрмыз. Өйткені, біз жоспарлаған және үміттенген дүниелерді жүзеге асыра алдық.

Биыл біз Астананың 20 жылдығын атап өттік. Ақтөбеліктер өңірде жұмыс жасап жатқан ірі кәсіпорындардың қолдауымен Елорданың бас алаңында замандастарға бейбітшілік құндылығын еске салатын және өткеннің қайғылы оқиғаларының қайталануына жол бермейтін «Бейбітшілік алаңын» тұрғызды.

2018 жылдың тағы бір маңызды тұсы – балаларға арналғандығында. Біз балаларды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді дамытып, қолдау көрсету үшін бар күшімізді салдық.

Облыстың барлық аймағында 15 жаңа мектеп, 44 мектепке дейінгі мекеме, 187 спорттық және ойын алаңдары, 25 ІТ сыныптар ашылды. Бұдан өзге, 104 жетім бала баспаналы болып, «Қамқорлық» және «Мектепке жол» акциялары аясында 32 734 балаға материалдық және қаржылай көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылы өңірде көптеген әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Жалпы, «Бақытты бала», «Туған жерге тағзым», «Мектепке жол», «Түлек KZ», «Ауыл қамқоршысы» жобалары аясында облыстың  508 мың тұрғынына жалпы сомасы 6,5 миллиардтан астам теңгеге көмек көрсетілді.

Осы жылы біз алдымызға экономика өсімін бес пайызға жеткізу тапсырмасын қойып, сіздердің қолдауларыңызбен алға қойған мақсатты орындадық.

Біздің бүкіл жетістіктеріміз бен табыстарымыз – халықтың ортақ мақсат-міндеттеріне біріктірілген үйлесімді еңбегінің нәтижесі. Алдағы жылы біз Ақтөбе облысының экономикалық әлеуетін әрі қарай нығайтуға бар күшімізді салатынымызға сенімдімін.

 Құрметті жерлестер!

Жаңа жыл – бұл әр отбасына ізгілікпен еніп, жақсылық тарататын жасампаз мереке. Ол адамдарға үміт пен сенім, бақыт пен қуаныш, жақсылық пен махаббат сыйлайды. Алдағы жыл сіздер үшін ілгерілеу және алға жылжу жылы болсын, үйлеріңізге ынтымақ пен амандық әкелсін!

Жаңа жылдарыңызбен!

 Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*