Басты бет » Мереке » Мұз айдынындағы ертегілік шоу

Мұз айдынындағы ертегілік шоу

Жұма күні Мұз сарайында «Мұзды жүрек» атты тамаша жаңажылдық ертегілік шоу бағдарлама ұсынылды. Шараны қалың көрерменмен бірге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тамашалады. Қойылым кейіпкерлерін еліміздің мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрамасының жас спортшылары ойнады.

Ақтөбеліктер бір жарым сағаттан тұратын мұз айдынындағы жаңажылдық қысқы ертегінің куәгері болды. Сиқырлы көрініске еліміздің 25 үздік мәнерлеп сырғанаушысы шақырылды. Көрермендер қысқы Универсиада қатысушысы Вероника Шевелева мен Айза Мамбекова сынды т.б спортшылардың өнеріне куә болды.

Қызықты сюжет, тамаша костюмдер, ұтымды техникалық әдіс, ең бастысы — актерлік шеберлік көпшілік көңілінен шықты.

— Бұл елімізде мұз үстіндегі тұңғыш театрландырылған қойылым. Бұған дейін Алматы, Астана қалаларында болдық. Ақтөбелік көрермендерге тұңғыш рет ұсынылып отыр. Жобада 9 бен 19 жас аралығындағы жас спортшылар бар. Ақтөбе қаласындағы Мұз сарайы барлық талаптарға сай жасақталған. Ең бастысы — іші жылы әрі мұздың сапасы жақсы. Осы шараны ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін, — деді жобаның продюсері Дина Қыстаубаева.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*