Басты бет » Әлеумет » Қарттарды қуантты

Қарттарды қуантты

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласындағы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарттар мен мүгедектерге жылы киімдер берілді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының басшысы Қайрат Отаров қарттарды мерекемен құттықтады.

— Еліміз тәуелсіздік алғалы Президенттің сарабдал саясатының арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінде елімізді барлық әлем халқы таниды. Осы ұлы мереке қарсаңында сіздерді ескерусіз қалдырған жоқпыз, — деген басқарма басшысы қарттарға денсаулық тіледі.

Жас әншілер мен бишілер қарттардың көңілін көтерді. Арнайы дастарқан жайылды. Қаладағы  «Global» компаниясы қарттарға жылы күртеше мен киімдер таратты. Бұл компания жыл сайын осындай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып тұрады. Қариялар сыйлықтарын алып мәз болысты.

— Мен осы интернатта біраз уақыттан бері тұрамын.  Жағдайымыз жақсы. Бөлмелер таза. Қызметкерлер көмектеседі. Ал бүгін мерекеде  кәсіпкерлер сыйлық әкеліп, қуантып жатыр. Бізді ескерусіз қалдырмаған кәсіп иелеріне алғысымыз шексіз, — деді интернат тұрғыны Людмила Шаповалова.

Қазір интернатта 225 тұрғын болса, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 92 азамат бар. Олар уақытында осы жерден ем-домын алады. Жүзден аса адам тұрғындарға қызмет көрсетеді.

 Кәмшат ҚОПАЕВА

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*