Басты бет » Білім » Азат әлемдік сайыста топ жарды

Азат әлемдік сайыста топ жарды

Ақтөбенің дарынды оқушысы Азат Бисенғалиев ХХІІІ халықаралық ментальдық арифметика олимпиадасында бас жүлдеге ие болды.

Азат Ақтөбе қаласындағы №17 орта мектептің 3-сыныбында оқиды. Ментальды арифметикаға 6 жасынан бері қатысады.

Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында өткен білім сайысына әлемнің 80 елінен 5000-ға жуық дарынды оқушы қатысқан. Еліміздің намысын қорғауға 116 бала аттанған. Олардың ішінде Ақтөбе қаласынан Азат Бисенғалиевпен бірге 4 ақтөбелік оқушы атап айтсақ, Жүсіп Асанов, Наурызбек Құрбанов, Әдия Досмұханбетова және Ерасыл Құдайбергеновтер бар. Олардың барлығы да жүлделі орындармен оралған.

Ментальды арифметика — балалардың ұшқыр ойлау қабілетін жетілдіретін тәсіл. Себебі олар көру, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін жоғары деңгейде дамытады.

Менің ұлым Азат ментальды арифметикамен үш жылдан бері айналысады. Өлең шумақтарын да бір оқығаннан жаттап алады.  Ментальды арифметиканың логикалық ойлау қабілетін шыңдауға, білім көкжиегін кеңейтуге ықпалы зор. Мектепте басқа да спорттық шаралаға белсене қатысады, — дейді Азаттың анасы Индира Бисенғалиева.

Айта кетейік, жүлдегерлерді Ақтөбе қаласындағы «UCMAS» халықаралық ментальді арифметика балалар орталығы даярлаған. 2012 жылы ашылған орталықта бүгінде 100-ге жуық бала білім алады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*