Басты бет » Рухани жаңғыру » Мемлекеттік қызметкерлер ақынмен кездесті

Мемлекеттік қызметкерлер ақынмен кездесті

С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында белгілі ақын, «Адырна» журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлымен кездесу кеші өтті.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Медетов, облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері және оқырмандар қатысты.

Кеште алдымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Медетов пен Қазақстан Жазушылар Одағының Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бауыржан Бабажанұлы мемлекеттік қызметшілердің санасын жаңғырту, ұлттық рухты нығайту және олардың шығармашылығын дамыту мақсатында өзара меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта аталған меморандум аясында мемлекеттік қызметшілер жергілікті ақын-жазушылармен, өнер адамдарымен кездесіп, олардың өмірі мен шығармашылығымен жақын танысатын болады.

Шараны Қазақстан Жазушылар одағының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, ақын Бауыржан Бабажанұлы жүргізіп отырды.

Кеш барысында ақын Мейірхан Ақдәулетұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жиналғандарға бейнефильм көрсетілді.

Бұдан кейін кеш қонағы Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында айтылған тұжырымдамалар, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген жетістіктері, ұлт, мәдениет, әдебиет туралы кеңінен әңгімелеп, қоғамдағы кейбір мәселелерге де тоқталып өтті. Сондай-ақ ақын оқырмандарға арнап өлеңдерін де оқып берді.

Шарада мемлекеттік қызметкерлер мен оқырмандар ақынға өз сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Кеш соңында Бауыржан Бабажанұлы ақынның «Бейуақтағы мінәжат» атты өлеңін оқып, оқырмандар кеш қонағымен естелік суретке түсті.

 Данагүл ҚАЗИХАН.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*