Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Қазақстандықтар интернетте қандай ойын-сауық контентіне көбірек ақы төлейді?

Қазақстандықтар интернетте қандай ойын-сауық контентіне көбірек ақы төлейді?

Мессенджер немесе әлеуметтік желілерде келген хабарламаны тексеру үшін күніне қанша рет смартфон экранына үңілесіз? Түрлі сауалнама бойынша, адам күніне 150-ден көп рет гаджетке көз жүгіртеді.

Бұны ақтап алуға болады. Бүгінгі күні смартфон бізге шексіз мүмкіндік сыйлады. Біз онымен жұмыс істейміз, көңіл көтереміз, қарым-қатынас орнатамыз, кейде тіпті махаббатымызды тауып жатамыз. Ұялы Интернетке қосылған смартфон кез-келген ақпараттық сауалға, соның ішінде не көруге немесе не тыңдауға болатыны туралы сұраққа да жауап береді. Google Trends статистикасының мәліметі бойынша Қазақстандағы ең үздік 5 сұранымдағы төрт жолда бейне өнімдер ізделеді екен, олар – «Тақ ойыны» және «Физрук» сериалдары немесе «Фильмдер 2017» сөзі.

Қазақстандықтар, әлемдегі көптеген интернет-пайдаланушылар сияқты, көңіл көтеру контентіне қызығушылық танытады. Бірақ ол көбінесе «сұралмаған ақпаратпен»: баннерлік жарнама, қалқымалы хабарлама және бейне хостинг алаңдарында онлайн казиноға шақырулармен толтырылған. Бұлар кино көріп, әуен тыңдап немесе кітап оқып отырғанда біздің жеке кеңістігімізге баса-көктеп кіріп мазалайды.

OTT технологиясының дамуы көңіл көтеру интернет-контентіненосы «қоқыс» ақпаратты алып тастауға көмектеседі. Over-the-Тop – Интернет арқылы мультимедия қызметін коммерциялық негізде ұсыну әдісі. Пайдаланушы өзі таңдаған өнімге төлейді жән етек шын мәнінде өзіне қажеттіні таңдайды. Контент жеткізушілер үшін бұл технология жаңа мүмкіндік ашады. Бүгінгі таңда OTT дәстүрлі теледидарға тек теледидар экранында ғана емес, мобильді қосымша арқылы смартфон мен планшет экрандарында да хабар таратуға мүмкіндік береді.

2016 жылдан бастап «Кселл» компаниясы mobi эко жүйені дамытады – бұл жарнамасы жоқ заңды контент және ақылы жазылым үлгісі бар ойын-сауық қызметі. Эко жүйеде mobimusic, mobiTV, mobikino, active ұсынған Bookmate, mobipress көңіл көтеру қызметтерін және mobimoney мобильді-қаржы қызметі қамтылған. Және бұл қазақстандықтар үшін медия тұтынудың жаңа үлгісі.

Екі жыл ішінде 800 мыңға жуық Kcell және аctiv абоненттері бұлардың белсенді пайдаланушысы болды.

378 мың адам mobi music қосымшасында музыка тыңдаса, 288 мың көрермен mobi TV мобильді теледидарды, 69 мыңы mobi kinoда фильм мен сериал көрді, 42 000-ға жуық қолданушы activұсынғанBookmate-де әдеби шығармаларды оқыса, mobi press-тің 16 мыңдай журнал оқырманы бар.

2018 жылы mobimusic-теең көп тыңдалатын әншілердің үштігіне Miyagi&Эндшпиль featРемДигга, Мот және Ерке Есмахан енді. mobiTV рейтингінде бірінші болып «Қалаулым» шоуымен «Асхана» сериалы, телеарналардан «31 арна» және «Бірінші арна Евразия».

Бір қызығы, mobikino-да ең көп көрілген- «Тақ ойыны» сериалымен «Маша және аю» мультфильмі. Бұл дегеніңіз mobikino-ны бүкіл отбасы, ересектермен балаларда көретінін білдіреді.

activ-тен Bookmate-нен қазақстандықтар Марк Мэнсонның«Тонкое искусство пофигизма» кітабын, Юваль Ной Харраридің«Sapiens. Краткая история человечества», Алена Долецкаяның «Не жизнь, а сказка», Джон Кехоның«Подсознание можетвсе» және жазушы Айн Рэндтің «Атлант расправил плечи» кітаптарын жиі оқиды.

mobipress-те пайдаланушылар Men’sHealth, Cosmopolitan және Forbes журналдарын парақтауды ұнатады.

Тұтынумен технология дәуірі тұтынушы әдеттерін және медия тарату нарығын өзгертуде. Нәтижесінде теледидарда, планшетте, смартфонда ақпарат, мульти скринаса мол және көрермен назарына жаулауға деген бәсекелестік пайда болды. Ақылы ойын-сауық қызметтері жарнамасыз жеке ақпараттық кеңістік тазалығын қадағалайды және уақытты үнемдейді – қажетті контентті іздеу процесі бірнеше рет қысқарды, сол себепті лицензияланған ақылы контентті тұтыну енді әлемдік үрдіске айналуда. Сіз оны қолдайсыз ба?

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*