Басты бет » Жаңалықтар » Ырғыздық кәсіпкер марапатталды

Ырғыздық кәсіпкер марапатталды

«Жомарт жүрек» республикалық байқауында «Наурыз-СИМ» ЖШС директоры Ибраһим Сәрсенбаев «Туған өлке» номинациясымен марапатталды.

Бұл марапат кәсіпкердің елді мекендерді абаттандыруға, саябақтар мен  ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға, салуға көмек көрсеткені үшін және  денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, спорт салаларына демеушілік жасап, әлеуметтік  жобаларды іске асырғаны үшін беріліп отыр. Сондай-ақ кәсіпкер өткен жылы бірнеше жетім баланы баспанамен қамтып, жұмысқа орналастырған болатын.

Ибраһим Сәрсенбаевтың атқарған осындай игі істеріне жұртшылық дән риза.

 Руслан ЖАРҚЫНҰЛЫ,

Ырғыз ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*