Басты бет » Жаңалықтар » Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келгендер ауыл шаруашылығы жерлерін алу, Ақтөбе қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде балалар алаңын салу, баспанамен қамтамасыз ету, басқа да жайларға қатысты өздерінің өтініштері мен ұсыныстарын айтты.

Облыс басшысы барлығы он адамды қабылдады. Ол қабылдауға келгендердің ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, бірқатар мәселелер жөнінде түсінік берді, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарға айтылған мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешу жолымен қолдау көрсетуге тапсырма берді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*