Басты бет » Жаңалықтар » Ашық қалған құдықтар бақылауға алынды

Ашық қалған құдықтар бақылауға алынды

Ақтөбеде коммуналдық кәсіпорындардың  құдық қақпақтары ұрлығының алдын алу және ашық тұрған  құдықтарды анықтау мақсатында іс-шаралар қолға алынды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, осы мақсатта қала әкімдігі жанынан қала әкімінің орынбасары Ибраим Күзбаевтың төрағалық етуімен құдықтарды бақылау бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның құрамындағы жергілікті полиция қызметкерлері, Астана, Алматы аудандары әкімдерінің жауапты орынбасарлары, коммуналдық  мекемелер қызметкерлері бірлесе қала аумағында орналасқан металл қабылдау орындарына рейдтік шаралар ұйымдастырады.

Сондай-ақ Астана ауданының М.Шоқай, Тәуелсіздік, Ораз Тәтеұлы, Мәңгілік Ел, Оңтүстік-Батыс-2, Сәңкібай батыр даңғылы (Пожарский көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін), Маресьев көшесі (Киселев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін), Алматы ауданының  Ембі, Зинченко, Гастелло, Қостанай, Нефтяников, Орынбор, Жиенбаев, Ташкент көшелерінде ашық құдықтардың болуына байланысты  бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Бұған дейін Батыс-2 ауданындағы М.Шоқай көшесіндегі ашық жатқан құдыққа 8 жасар қыз бала құлап кеткен болатын. Бұл құдықтың «Сәулет Құрылыс» серіктестігіне тиесілі екендігі анықталды. Қазір бұл құдыққа қақпақ орнатылды. Қақпақ ұрлығына қатысты іс қалалық ішкі істер басқармасының Сазды бөлімі полициясында қарастырылып жатыр.

 М.ТАБЫН.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*