Басты бет » Жаңалықтар » Өтініш аяқсыз қалмайды

Өтініш аяқсыз қалмайды

Анық-қанық

БАҚ пен әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласының тұрғыны Юрий Мануиловтың бірінші топ мүгедектігін ала алмай жүргені туралы жазылған болатын. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

Басқарманың мәліметінше, бұл жағдай бақылауға алынған. Ер адам көп жылдар бойы бірнеше созылмалы патологияларына байланысты диспансерлік есепте тұр және тегін дәрі-дәрмек алады. 2018 жылы науқастың өзі  немесе туыстарының тарапынан денсаулық сақтау басқармасына жазбаша шағым, өтініш түспеген. 2017 жылы Ю.Мануилов квота бойынша емделуге республикалық орталыққа жіберілген. Онда наркоз беруге қарсы көрсеткіштердің салдарынан науқасқа жедел емделу жүргізілмепті. Ер адам консервативті емнің  барлығын алған.

Медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясының науқасты ауыр дәрежедегі мүгедектікке ұсыну бойынша отырысы желтоқсан айының бірінші жартысында өтеді.  Қазіргі уақытта науқастың негізгі ауруын емдеу үшін оны ауруханаға жатқызу жоспарланып отыр.

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*