Басты бет » Спорт » Жас хоккейшілер жарысты

Жас хоккейшілер жарысты

Кеше Тұңғыш Президент күніне орай «Мұз айдынындағы көңілді старт» атты жарыс өтті. «Олимп» хоккей модулінде ұйымдастырылған дәстүрлі шара жыл сайын өткізіледі.

Шайбалы хоккейден ұйымдастырылған жарыстың мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттап,  жеткеншіктер арасында қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттау, сондай-ақ, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау.

— Мұндай жарыс бізде жыл сайын өткізіліп тұрады. Осы жолы жас ерекшеліктеріне қарай 4 топ қатысып отыр. Қатысушылардың жалпы саны — 20. Алты кезеңнен тұратын дода балаларға ғана емес, олардың ата-анасына да қызық. Оған дәлел көрермен қатарының әрдайым лық толуы, — дейді Ақтөбе қаласындағы №5 балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебінің директоры Виталий Шварц.

Облыстық мәслихаттың депутаты Сергей Вишняк, спорт ардагері Владимир Кореньков, облыстық хоккей федерациясының төрағасы Бақытжан Жаманқұловтар қазылық еткен жарыстың жеңімпаздарына дипломдар, медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы №5 балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебінде қысқы спорт түрлерімен 600-ден астам ақтөбелік жас айналысады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*