Басты бет » Анаға тағзым » «Караоке қазақша ән салды

«Караоке қазақша ән салды

 Байқау

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығында «Қазақша караоке 2018» атты қалалық байқауы өтті.

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның негізгі мақсаты — қазақша ән шығармашылығын насихаттау, дамыту және қоғамда мемлекеттік тілдің рөлін арттыру.

Қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Эльмира Бәйтерекованың айтуынша, байқауға 30-ға жуық қатысушы өтінім білдірген. Дегенмен іріктеу кезеңіне 15 қатысушы өтті. Конкурс талаптары бойынша, әр қатысушы екі әннен — туған жер және ана тақырыбындағы әндерді орындады.

Қатысушылардың сахналық мәдениеті мен вокалдық шеберлігіне де нағыз өз ісінің мамандары баға берді.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды көрерменді ерекше дауысымен баурап алған Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің оқушысы Мархабат Серікқали иеленсе, екінші орынды Ақтөбе заң колледжінің 2-курсында оқитын Ернар Ибраев алды. Ал «Қазақша караокенің» үшінші орнын Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде оқитын Ержігіт Қуанышев пен Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің оқушысы Ақгүлім Тәжіғұлова бөлісті. Байқау жеңімпаздарына қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*