Басты бет » Жаңалықтар » Әскерге шақырылғандармен әңгіме

Әскерге шақырылғандармен әңгіме

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев облыстық жəне қалалық əскерге шақыру пункттерінде болды.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Сейткерім Арапбаев облыс басшысын жедел əскери қызмет жұмысының  ұйымдастырылуымен жəне жиналу пунктінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен таныстырды.

Бердібек Сапарбаев Алматы қаласына әскери борышын өтеуге бара жатқан әскерге шақырылғандармен әңгімелесті.

«Отанға қызмет ету — әрбір азаматтың қасиетті парызы.  Сіздер Қарулы Күштер қатарында қызмет етесіздер, одан абыроймен өтулеріңіз керек. Өмірде ең бастысы — білім алуға ұмтылып, еліміздің тәртібі мен заңын сақтау қажеттігі. Ол үшін мемлекет барлық жағдайды жасап жатыр. Сіздер жассыздар, бәрі алда. Сіздерге жарқын болашақ тілеймін», — деді облыс әкімі.

Облыс басшысы сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінің өңірлік оқу орталығында да болды. Мұнда жыл сайын республика бойынша 600-ге тарта өрт сөндіруші, құтқарушы және сүңгуірлер дайындайды. Орталық заманауи оқу жаттығу құрылғыларымен, қажетті әдебиетпен және оқытушылар құрамымен толықтай жасақталған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*