Басты бет » Жаңалықтар » Жұмыстар қорытындыланды, жаза тағайындалды

Жұмыстар қорытындыланды, жаза тағайындалды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Аталған департаменттің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Расул Медетовтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында 5 мәселе қаралды. Әуелі — осы жылдың 23 қазанында өткізілген Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы тыңдалды. Бұдан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 7-тармағының бірінші, үшінші тармақшаларының талаптарын бұзғаны үшін Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Талғат Бердалинге қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды. Белгілі болғандай, Т.Бердалин мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Биыл 17 маусымда түнгі мезгілде жол полейцейлері Ақтөбе қаласының Сәңкібай батыр даңғылы бойындағы мейрамханалардың бірінің маңында Т.Бердалинді көлікті мас күйінде жүргізген жерінен тоқтатады.  Мәлім болғандай, Т.Бердалин құқық қорғаушыларға 16 маусым күні кешкілік зайыбының туған күнін атап өткені жайында түсінік беріп, ол өзінің  құқық бұзғанын толықтай мойындаған. Алайда Т.Бердалин кеңес отырысына қатысқан жоқ. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері аталған тәртіптік іске байланысты мемлекеттік қызметшіге қызметіне толық сәйкес еместігі турасында ескерту беруді бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ кеңес отырысында Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Танат Қабдуллиннің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындылары туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарова қызметін қорытындылады.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*