Басты бет » Жаңалықтар » Махмұд Қасымбеков әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Махмұд Қасымбеков әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР Президенті кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековке Ақтөбедегі бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысын таныстырды.

Атап айтқанда, ҚР Президенті кеңсесінің басшысы жұмыс сапарының екінші күні энергия тиімділігі орталығына барды. Бүгінде орталық ғимаратында Алматы ауданы әкімінің аппараты орналасқан, ал жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына қолайлы болу үшін халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Тек бір күннің ішінде 700 қала тұрғыны осы орталық қызметін пайдаланады. Олардың ішінде 200-ге жуық адам терминалдар мен компьютерлердің көмегімен цифрлық форматтағы қызметтерді қолданады. Бұдан басқа, мұнда «Қазпошта» мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілдері қызмет істейді. Тиісті құжаттар аз мерзімде рәсімделеді.

Махмұд Қасымбеков орталық қызметкерлерімен және келушілермен әңгімелесіп, ұсынылатын қызметтердің сапасын сұрады. Қала тұрғындары қызмет көрсету сапасына көңілдері толатындарын айтты.

Сондай-ақ, ғимарат ішінде орналасқан қала тұрмысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инженерлік желілерін бақылау орталығы және т.б. қызмет етеді. Осының барлығы облыс орталығының «ақылды» қалаға айналуына ықпал етеді. Көптеген заманауи цифрлық технологиялар қазірдің өзінде енгізіліп, табысты жұмыс жасап жатыр. Қала әкімі Ілияс Испанов «Смарт сити» жобасының жүзеге асырылуы жайында мәлімдеді.

Заманауи техноллогиялардың көмегімен адамдар коммуналды қызметтер туралы толық ақпарат ала алады. Есептеуіш құрылғының қанша айналғаны, шығын қанша, үнемделгені қанша — соның бәрі есепте. Барлық коммуналды кәсіпорындар бойынша осылай. Бұдан басқа,  адамдар дәрігердің қабылдауына жазылып, қоғамдық көлік қозғалысы туралы ақпаратты және т.б. үйден шықпай-ақ, телефондағы қосымшаны пайдалана отырып біле алады.

Ғимарат баламалы энергияны өндіруге мүмкіндік туғызатын күн көзінің панельдерімен, газ поршеньді стансамен, геотермальді жүйемен, сонымен қатар, жел генераторларымен жабдықталған. Жалпы, энергия тиімділігі орталығы қаладағы барлық инфрақұрылымдар мен коммуналды қызметтерді басқару үшін жұмыс жасайды.

Сондай-ақ Махмұд Қасымбеков «Сәби» қайырымдылық қоры жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды қолдаудың кешенді бағдарламасы аясында ашылған «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында болды. Осындай жоба Қазақстан тұңғыш рет ұйымдастырылды. Бір бөлмелі сексен пәтері бар төрт таунхаус тұрғызылды. Барлық корпустың бірінші қабаттары арбаға таңылған мүгедек жандарға арналған. Орталықта балалар үйінің 16-29 жас аралығындағы түлектері тұрады. Бұдан басқа, орталық жанынан шаштараз, гүл сататын дүкен, аяқ киім шеберханасы мен тігін цехы жұмыс жасайды. Мұнда мекеменің тәрбиеленушілері кәсіптерге оқытылып, тәжірибеден өтетін болады.

Дарынды балаларға арналған «Әсем» оқыту-танымдық орталығы бірегей деп саналады. Орталықты Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жуырдағы іссапары кезінде ашқан болатын. Орталық ай сайын республиканың түкпір-түкпірінен және шетелден 10-16 жас аралығындағы 300 баланы қабылдайтын болады. Мұнда түрлі зертханалар, сонымен қатар, робото техника мен басқа да бағыттар бойынша оқытатын оқу орталықтары бар.

Орталық аумағында үш жатын корпусы, «Жастар ордасы» жастар орталығы, медициналық пункт, спорттық және воркаут алаңдар, үстел теннисі мен жеңіл атлетика базасы, ашық жүзу бассейні, эстрадалық және би алаңдары орналасқан.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*