Басты бет » Әлеумет » Жолдан абайлап өт!

Жолдан абайлап өт!

Облысымызда «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» акциясы басталды.

Осыған орай тәртіп сақшылары өңірдегі орта мектептердің оқушылары арасында тәрбиелік шаралар ұйымдастырып жатыр.

Мұғалжар ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік және ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен бірлесіп «Айрықша бол!» атты шара ұйымдастырды. Оның мақсаты —  мектеп оқушыларына жол жүру ережелерін түсіндіру және оқушылардың жолдардан өтерде қауіпсіздікті сақтауына нзар аударту. Сонымен қатар жарық шағылыстыратын белгілері бар киімдерінің болу керектігі жөнінде үгіт-насихат жүргізіліп жатыр.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі берген дерек бойынша,жыл басынан бері облыста 88 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 92 адам жарақаттанып, 6адам қаза тапқан.

— Соңғы жылдары өңірде мектеп жасындағы оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны азайып келеді.Әсіресе, балалардың жолдардан өтерде жарық шағылыстыратын белгілері бар киімдері мен сөмкелері болғаны өте дұрыс. Бұл көлік апаттарының алдын алу үшін маңызды.Бастысы, балалар жол тәртібі ережелерінен хабардар болғаны дұрыс, — дейді шараны ұйымдастырушылар.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*