Басты бет » Жаңалықтар » Ақпараттық топ Ойыл ауданын аралады

Ақпараттық топ Ойыл ауданын аралады

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы Ойыл ауданында жалғасты. Ақпараттық топ мүшелері ауданның ауыл-аймақтарын аралап, әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал етіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Мәселен, жобаның құқық қорғау бағыты бойынша шыққан арнайы топ аудан орталығы мен Қарой, Сарбие, Қаратал, Амангелді, Саралжын ауылдарын аралады. Барлығы 1459 тұрғынды қамтыған кездесулер өткізді.

Көпшілікке негізінен қоғамдық қауіпсіздік, тәртіп мәселесі және лаңкестік оқиғалар орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігі кеңінен айтылды. Қауіпті жағдайда, күдікті затты байқаған кезде тұрғын алдымен қай жерге хабарласатынын түсіндірдік. Қарапайым нәресенің өзін кейде ұмытып жататындар бар. Қауіп төнгенде қайда хабарласарын білмей, сасқалақтауы мүмкін. Сондай кезде 102 немесе басқа да арнайы желілерге дереу қоңырау шалу керектігін ескерттік. Ақпараттық парақшалар мен арнайы бүктемелер таратылды. Жаттығулар өткізілді. Жалпы, халыққа жан-жақты ақпарат берілді, — дейді полиция департаменті жедел жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Аманғали Жаманқұлов.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» шарасы аясында мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында да  лаңкестік жағдайда қалай қимылдау керектігі және алдын алу шараларына арналған психологиялық тренингтер өткізілді.

Сондай-ақ жоба басталған күннен бастап  «Мигрант», «Қару» және «Жасөпірім» жедел профилактикалық шаралары жүргізіліп жатыр.

Жоба бойынша ақпараттық топ алдағы аптада Қарғалы, Әйтеке би аудандарын аралайды.

 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*