Басты бет » Әлеумет » Жұмыс орны да, жалақы да ұлғаяды

Жұмыс орны да, жалақы да ұлғаяды

Нұркен ТҰРБАЕВ,

«Ақтөбе-сәулет» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігінің директоры.

Біздің компаниямыз 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Қызметіміздің негізгі түрі — өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, оның ішінде тұрғын үй құрылысы.

Біз көпшілік жерлестеріміздің тұрғын үй жағдайын жақсартуды, өзінің жеке баспанасы болуын армандайтынын жақсы білеміз. Сондықтан да тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру мақсатында «Нұрлы жер» және жаңа «7-20-25» бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене қатысып келеміз. Осы бағдарламалардың арқасында біздің қаламызда жаңа шағын аудандар пайда болып, еліміздегі ең төмен бағамен өздеріне пәтер сатып алып, мыңдаған ақтөбеліктер қоныстойын жасады.

Тұрғын үй салу қарқыны бойынша біздің облыс республикада жетекші орында келеді. Мұнда біздің де қосқан үлесіміз бар. Мәселен, біз пайдалануға берген объектілердің жалпы алаңы 309 мың шаршы метрден асады.

Көп жағдайда ақтөбеліктер біздің компанияның салған үйлерін алады. Себебі біз тұрғын үйлерді сапалы саламыз.

Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауында ірі қалаларда тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысын ұлғайтудың қажеттілігі айтылды. Бұл міндеттерді шешу үшін біздің компанияда барлық мүмкіндіктер бар.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында «Ақтөбе-сәулет» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік кооперациясы ҰК» акционерлік қоғамымен бірлесіп, қабырғалық панельді үй құрылысын өрістету мақсатында «Үй құрылыс комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды.

2016 жылдың аяғында зауыт ойдағыдай іске қосылды. Жаңа өндірістің қуаты — жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызуға қауқарлы.

Біздің компания әріптестік мәселесіне де айрықша назар аударады. Жылдар бойғы жұмыста біз құрылыс ұйымдастыруда ғана мол тәжірибе жинап қоймай, негізгі құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі компаниялармен және арнаулы жұмыстарды орындайтын мердігерлік мекемелермен де сындарлы әріптестік қатынастар орнаттық. Жинақтаушы шикізаттарды, материалдарды жеткізіп берушілерді таңдаған кезде қазақстандық мазмұнға ие отандық кәсіпорындарға басымдық беріледі. Айталық, біз өзіміздің компанияның бетонын пайдаланамыз. Оның қазақстандық мазмұнының үлесі маркісіне байланысты 90-95 пайыз құрайды.

«Ақтөбе-сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайын жаңа жұмыс орындарымен толығып келеді. Мысалы, 2010 жылы қызметкерлердің саны 270 адам болса, бүгінгі күні 645 адамға жетті. Қызметкерлердің орташа жалақысы 150 мың теңгеден жоғары. Біз өз қызметкерлеріміздің жалақысын 8-15 пайызға өсіру жөніндегі барлық мүмкіндікті пайдаланатын боламыз.

Әр адам үшін жеке үйінің болуы — ең басты игілік. Тек басында баспанасы болғанда ғана адам өзін отанының толыққанды азаматы сезінеді.

Компанияның атынан Елбасының құрылыс саласының алдына қойған міндеттерді орындауға барлық күшті жұмылдырамыз деп сендіреміз.

ЕҢБЕКАҚЫ 10 ПАЙЫЗҒА КӨБЕЙЕДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы еліміздің әрбір азаматын жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға жетелейді. Президент бұл жолы маңызды құжатта келер жылдан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Мемлекет басшының тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап жұмысшылар жалақысын 10 пайызға өсіруді жоспарлап отырмыз.

Жалақы көтеру мәселесі біздің мекеме үшін қалыпты жағдай. Компания жұмысшыларының жалақысы уақтылы беріп, жыл сайын белгілі бір мөлшерде көбейтіліп отырады.

«Стройдеталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс материалдары мен құрастыруға қажетті құрал-жабдық түрлерін шығарады. Зауыт заманауи арнайы техникалармен жабдықталған. Біздің компания құрылыс материалдары нарығында 50 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бүгінде компанияда 500-ден астам адам жұмыс жасайды.Еліміздің ірі темір бетон зауыттарының қатарына кіретін кәсіпорын үнемі қарамағындағы жұмысшыларға жағдай жасап, оларға қолдау көрсетуге әрқашан әзір.

 Анатолий СИМОНОВ,

«Стройдеталь» ЖШС директоры.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*