Басты бет » Әлеумет » Қорытынды жәрмеңкеге келіңіз!

Қорытынды жәрмеңкеге келіңіз!

 Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарын  биылғы жылғы қорытынды ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырады. Жәрмеңке бүгін «Әлия» сауда базарының алдында өтеді.

Жәрмеңкеге қаланың 40-тан астам жергілікті тауар өндірушілері, шаруа қожалықтары және ірі көтерме тауар жеткізушілер қатысады. Олардың ішінде «Актөбе Жылыжай», «ИзетГринхаус», «Болат ЛТД», «АгроОптСервис», «Базарларды басқару»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Алдияр» шаруа қожалығы және «Айбек» ауылдық өндірістік кооперативі сынды ірі компаниялар бар.

Жәрмеңкенің басты артықшылығы — бұдан бұрынғы жәрмеңкелердегідей қолжетімді баға. Олай болатыны, өнім өндірушілер мен жеткізушілерге өз өнімдерін жәрмеңкеде тікелей сатуға мүмкіндіктер жасалған.

Мұнда барлық өнімдер қаланың өзге базарларына қарағанда 10-15 пайыз  төмен бағамен сатылады.

Бұндай жәрмеңкелердің ұйымдастырылуы қала тұрғындарына өздеріне қажетті ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен шаруа қожалықтарынан тікелей  сатып алуға мүмкіндік жасайды.

А.ҚАЗЕКЕНОВ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*