Басты бет » Әлеумет » Жастармен жүздесті

Жастармен жүздесті

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында мамандар Ақтөбедегі жоғары оқу орындары студенттерімен кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкіл-имамы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан, осы мешіттің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев пен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетінде өткен кездесулерге қатысты.

Жастармен әңгіме «Зайырлы қоғам құндылықтары» тақырыбында өрбіді. Мамандар ислам дінінің құндылықтары жөнінде айтумен қатар, әсіредіншілдікке ұрынудың зардаптары төңірегінде де әңгіме қозғады, жастарға Мұхаммед пайғамбар мен ислам ғалымдарының бірлікке, татулыққа үндеген өсиеттерін жеткізді.

Кездесу барысында жастар осы мәселе төңірегінде көкейлерінде жүрген бірқатар сауалдарға жауап алды.

 Өз тілшіміз. 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*