Басты бет » Басты жаңалықтар » Мұз сарайын аралап көрді

Мұз сарайын аралап көрді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына сапары аясында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бой көтерген Мұз сарайына барды.

Ғимаратқа кіреберісте Мемлекет басшысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мұз сарайының құрылысы мен жұмысы туралы баяндап берді. Кейін Елбасы ғимаратты толықтай аралап шығып, жас хоккейшілермен тілдесті.

Жас хоккейші Арина Павловская спорт саласына ерекше көңіл бөліп, өзі секілді жас спортшылардың арманының орындалуына мүмкіндік тудырып отырғаны үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдіріп, хоккей клубының символдық шайбасына қолтаңбасын қоюын сұрады.

Бұдан соң Мемлекет басшысы жас хоккейшілерге арнайы спорттық формаларын табыстап, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, қазан айының басында пайдалануға берілген мұз алаңы жыл бойы тек хоккейден ғана емес, сонымен қатар шорт-тректен, мәнерлеп сырғанаудан, баскетболдан, шағын футболдан, бокстан, үлкен теннистен, гимнастикадан кәсіби жарыстар, сондай-ақ мәдени ойын-сауық шараларын өткізуге мүмкіндік береді. Спорт кешенінің жалпы аумағы — 8500 шаршы метр. 2500-ден аса көрерменге арналған орын бар.

Инвесторы — «H+H TECHNIKА». Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қаржыландырылған Мұз сарайының жалпы құны — 3,8 млрд теңге.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*