Басты бет » Жаңалықтар » Тұрмыстың тұрақты тірегі

Тұрмыстың тұрақты тірегі

Роза САТАНОВА, ауыл тұрғыны:

— Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын биылғы халыққа Жолдауын мұнайлы Кеңқияқ өңірінің тұрғындары да ерекше ықыласпен қабылдады. Себебі, бұл тарихи құжаттан халқымыздың ертеңіне  деген қамқорлықты жазбай танисың. Алыс өңірлердің, ауыл тұрғындарының бүгінгі тыныс-тіршілігін, тұрмысын одан әрі жақсарта түсудің жолдары көрсетілген.

Қазір зейнеткерлік демалыста болғанмен, менің өзім де ұзақ жылдар ауылдың өмірімен тығыз байланыста қызметтер істедім. Еңбек жолымды ұстаз болып бастап, кейін көп жыл ауданда, ауылда басшылық қызметтер атқардым. Мұнайлы Кеңқияқ өңіріндегі ауылда орта мектеп директоры, одан осы кенттің әкімі қызметінде болдым. Сондықтан еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдегі, оның ішінде алыс ауылдардағы мемлекет тарапынан жасалған жасампаз істерді жақсы білемін. Өзге жерден қолы ұзын көрінетін мұнайлы аймақтардың өзі мемлекетіміздің өңірлерді дамыту бағдарламасының арқасында өркендеді. Әсіресе, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының іске қосылуы кешегі экономикалық дағдарыс кезінде көп жеңілдік әкелді. Соның арқасында ауылдың біраз тұрғындары өздеріне жұмыс тапты.

Әрине, әлеуметтік мәселелердің дамуы біздің өңіріміз сияқты жерлерде жұмыс істейтін инвесторларға да байланысты болатынын ұмытпау керек. Елбасы биылғы Жолдауында серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестормен бірлесіп инвестиция салу қағидаты бойынша жұмыс істейтін Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесін қарастыру қажеттігін атап көрсетті. «Бірлесе  көтерген — жүк жеңіл» деп халқымыз тегін айтпаған. Мұндай мақсатты шаралардың жүзеге асырылуы, шын мәнінде, халықтың әл-ауқатын өсіруге жол ашары даусыз.

Темір ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*