Басты бет » Жаңалықтар » Жаңғырту жұмыстарын жүргізбекпіз

Жаңғырту жұмыстарын жүргізбекпіз

Анатолий СИМОНОВ, «Стройдеталь» ЖШС директоры:

— Елбасының халыққа Жолдауын бар зейінімізбен тыңдадық. Бұл — халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы мәселелер жан-жақты қамтылған Жолдау, стратегиялық іс-қимылдар бағдарламасы.
Президент Үкіметке, бизнеске, аймақтарға, сондай-ақ биліктің барлық тармақтарына үлкен міндеттер жүктеді. Айтып өткенімдей, Жолдау халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Жолдауда көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, мектепке дейінгі білім беру мен жалпы білім беру деңгейін көтеру, медициналық қызмет сапасын арттыру жөнінде өте жақсы айтылды.

Біздің кәсіпорын құрылыс саласында жұмыс істеп келеді. Елбасы бұл саланы да назардан тыс қалдырған жоқ. Жолдауда «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған басқа да мемлекеттік бағдарламалар туралы, құрылыстың сапалы болу керектігі туралы баса айтылды.

Біздің компания — осы бағдарламалардың іске асырылуына атсалысып келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Біз «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында автомобиль жолдарын саламыз, сонымен қатар кәсіпорында өндірістегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге, еңбек жағдайын жақсартуға және жаңа технологияларды енгізуге көңіл бөлінеді. Нұрсұлтан Назарбаев экспортқа бағытталған өнім шығаратын және жаңа технологияларды енгізетін кәсіпорындарға қолдау көрсету керектігін атап айтты. Бұл үшін «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының қолданылу мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылды және жыл сайын қосымша үлкен қаржы бөлінетін болды. Біз де Жол картасы аясында зауытта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, жаңа цехтар ашып, өңірімізді өз құрылыс материалдарымызбен қамтамасыз етуге күш салып жатырмыз.

Елбасының жаңа Жолдауында барлық салаларды дамыту көзделген, ал ел экономиканың кішкентай ғана бір бөлшегі болып табылатын біздің кәсіпорын да осы ортақ іске өз үлесін қосатыны анық.

Ақтөбе қаласы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*