Басты бет » Жаңалықтар » Жолдау-2018: мүмкіндік мол, міндет зор

Жолдау-2018: мүмкіндік мол, міндет зор

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақтөбе облыстық филиалында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау отырысы өтті.

Дөңгелек үстелге облыстық этномәдени бірлестік өкілдері, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім, ақсақалдардың «Бірлік» және толеранттылық мәселелерімен шұғылданатын аналар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ өңірлік «Жаңғыру жолы» қозғалысының мүшелерімен студент-жастар қатысты.

Отырыс барысында алдымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы және дін кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдоллаев «Тиімді сыртқы саясаттағы Қазақстанның ұстанымдары» тақырыбында баяндама жасады.

Ол баяндамасында Мемлекет басшысы Жолдауда айқын көрсеткен 6 басымдыққа жеке-жеке тоқталып, олардың маңыздылығын атап өтті.

Ал өз кезегінде сөз алған «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин Елбасының бұл жолғы Жолдауы жастар үшін тағы бір қырынан жаңа бір серпін бергенін айтты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы қоғамның өткір мәселелерін шешуге бағытталған халықтық бағдарлама болды. Әсіресе, жастарды мазалап жүрген тұрғын үймен қамту мәселесінің кезекті рет көтерілуі және «7-20-25»бағдарламасы аясында алғашқы жарна мөлшерінің екі есеге дейін азайтылатындығы жалғыз ақтөбелік емес, барша қазақ жастарының жүрегіне үлкен сенім ұялатты. Барлығымыз білетіндей, бәсекелестік бар жерде ғана даму болады. Ал «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының қабылдануы, білім саласын жүзеге асырушы азаматтардың еңбегін жаңа деңгейге көтермек.  Жолдаудағы жастар ерекше леп берген бағыт ол, әрине, келер жылды Жастар жылы деп жариялауы. Әлбетте, бұл біз үшін үлкен қуаныш болғанымен, оның артылатын жауапкершілігінің де зор екендігін жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл ретте бар күшімізді салып жұмыс жасайтын боламыз, — деді Асылжан Бүркіталин.

Сондай-ақ ол жасотандықтардың бастамасымен #бізжолдаудыжүзегеасырамыз акциясы бастау алғандығын айтып өтті.

Бұдан өзге, дөңгелек үстел барысында философия ғылымдарының кандитаты Дмитрий Мацюк, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы толеранттық мәселелермен шұғылданатын аналар кеңесінің мүшесі Гүлжан Дулатбай баяндама жасап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*