Басты бет » Жаңалықтар » Баршамызға  ортақ міндет

Баршамызға  ортақ міндет

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауында әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мүмкіншілігі шектеулі мүгедек жандарға жағдай жасау туралы да айтылған.

Жолдаудың «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» деп аталатын тарауында  еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді  қамтамасыз ету қажеттілігі қозғалады. Осында «Мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға арналған «Кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс»  деп  көрсетілген.  

Әрине, Елбасы бұл мәселені тегіннен-тегін көтеріп отырған жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция біздің елімізде де ратификацияланғаны белгілі.

Осыған орай, еліміз  халықаралық қоғамдастық алдында мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы өзіне міндеттемелер алды. Мүгедектерді әлеуметтік қорғауға байланысты қабылданған арнайы заң бар. Осы заң талаптарына сәйкес, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мүгедектерге көлік құралдарына, тұрғын үйлерге, өзге де ғимараттарға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасауға міндетті. Осындай талаптар әуежайларда, темiржол мен автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен айлақтарында да сақталуға тиіс.

Елбасы өзінің Жолдауында мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды үнемі назарда ұстап, мемлекет тарапынан оларға қамқорлықты күшейтуді, қоғамда жайлы орта қалыптастыруды талап етіп отыр. Демек, бұл аса жауапкершілікпен қарайтын мәселе, баршамызға ортақ міндет.

Қалижан ӨТЕМҰРАТОВ,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

 Ақтөбе облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау

саласындағы бақылау бөлімінің басшысы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*