Басты бет » Жаңалықтар » «Protecting Business and Investments» жобасы туғызған мүмкіндіктер

«Protecting Business and Investments» жобасы туғызған мүмкіндіктер

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді орындау мақсатында және «Protecting Business and Investments» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Медетов «Green capital Kazakhstan» ЖШС өкілі Майкл Хондерспен  кездесу өткізді.

Кездесу барысында жобаның маңыздылығы, алға қойған мақсаттары, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы, көрсетілетін мемелекеттік қызметтер сапасы және кездесетін әкімшілік кедергілерді жою туралы сөз болды.

Департамент басшысы өз сөзінде «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойған мақсаттарға сәйкес кәсіпкерлікті қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып табылатынын» айтты.

Сондай-ақ, елімізге келетін инвесторлар тарапынан Қазақстан Рсепубликасының Заңдарын құрметтеу және қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

«Green capital Kazakhstan» ЖШС өкілі Майкл Хондерс аталмыш жоба елімізге инвесторлардың көптеп келуіне үлкен септігін тигізетіндігін және бизнестің қарыштап дамуына тікелей үлес қосатын жақсы бастама екендігін айтып, жоба аясында департамент тарапынан жылыжай кешені құрылысының сараптамасы нәтижесін уақтылы алу мәселесі оң шешімін тауып, қолдау көрсетілгендігін және нәтижесінде жылыжай құрылысының қарқынды дами түскенін сөз етті. Мемлекет тарапынан елдегі бизнесті дамытуға көрсетіліп жатқан қолдауға алғысын білдірді.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен «Green capital Kazakhstan» ЖШС басшылары жалпы сомасы 20 миллиард теңгені құрайтын инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша өзара іс-қимыл туралы екі жақты келісімге қол қойды.

Бүгінгі күні департамент тарапынан жоба аясында жалпы сомасы 333 миллиард 848 миллион теңгені құрайтын өзара іс-қимыл туралы 20 инвестициялық келісімге қол қойылды.

 Н.ДОСОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*