Басты бет » Жаңалықтар » 250 жер телімі беріледі

250 жер телімі беріледі

Брифинг

Ақтөбеде көше саудасын дамыту бойынша жаңа жоба жүзеге асырылуда.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Ақтөбе ӘКК» АҚ басқармасының басшысы Азамат Медеубаев баяндады.

Оның айтуынша, әлеуметтік жобаны «Ақтөбе ӘКК» АҚ мен Ақтөбе қаласының әкімдігі қолға алған. Жоба шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ отандық өнімдерді насихаттау, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Осы жобаның арқасында енді жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін ешбір делдалсыз сата алады. Оның ішінде ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектер бар.  Сонымен қатар ақтөбеліктер сапалы өнімдерді арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік алады, — деді Азамат Медеубаев.

Баспасөз мәслихатында басқарма басшысы әлеуметтік жобаға қатысудың шарттарын атап өтті. Атап айтсақ, сауда орнының эскиздік жобасы қаланың сәулеттік келбетіне сай заманауи талаптарға сәйкес болуы тиіс. Сауда орындары 7 жылға дейінгі мерзімге жалға берілетін болады. Бұл кәсіпкерлерге салынған қаражатты өтеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте жалдаудың ең төменгі құны сауда нүктелеріне қызмет көрсетуге арналған әкімшілік шығындарды ғана жабатын болады.

— 2018-2020 жылдары жоба аясында 250 жер телімі беріледі деп жоспарлануда. Биыл  34 сауда орны мен «Арбаттан» жеті орын бөлінді. Олар қыркүйек айында үлестірілді. Қазір тағы 21 орынға өтінім қабылдау жұмыстары жүріп жатыр, — деді А.Медеубаев.

Айя АЙДАРОВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*