Басты бет » Әлеумет » Тұрғындар қоғамдық қабылдауға келді

Тұрғындар қоғамдық қабылдауға келді

Өткен сенбі күні Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр және Халықтық кеңсе ғимараттарында қоғамдық қабылдау өтті.

Тұрғындарды Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов және барлық қалалық мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қабылдады.

Негізгі мақсат —  азаматтардың толғандырған сауалдары мен арыз-шағымдарын тыңдап, оның шешілуіне ықпал жасау.

Тұрғындардан түскен негізгі сұрақтар тұрғын үй, жол, жарықтандыру мәселелеріне қатысты болды. Сазды-2 ауылының бір топ тұрғындары қоғамдық көлік, жол мәселелері бойынша келіпті.

— Бүгінде ауылда 30-дан астам үй бар. Ауылдың ішінде жол болмағандықтан, қоғамдық көлік қатынамайды. Әрі көшелер жарықтандырылмаған. Әсіресе, қыс мезгілінде балаларымыз үшін алаңдаймыз. Осы мәселелер шешімін тапса екен, — дейді Мөлдір Сағынбаева.

Қабылдау кезінде 29 тұрғын өздерінің сауалдарын қойып, өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.

— Бүгінгі қоғамдық қабылдауды халықтың келуіне ыңғайлы болуы үшін арнайы сенбі күні ұйымдастырдық. Бұл жерде ең тиімдісі қабылдауға арнайы жазылудың қажеті жоқ. Тікелей бөлім басшыларына өз сауалдарын қоя алады.

Сазды-2 ауылындағы тұрғындардың сұрақтары бақылауға алынып, шешілу жолдары қарастырылатын болады, — деді Астана ауданының әкімі Бағжан Тілегенов.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*