Басты бет » Мереке » Қарттар үйіндегі құрмет

Қарттар үйіндегі құрмет

Кеше облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қарттар үйінде болып, облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың атынан осында тұрып жатқан ардагерлерді және мүгедек жандарды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

— Біздің Мемлекетіміздің басшысы айтқандай, аға буынның өкілдері — мемлекетіміздің алтын қоры. Сіздердің өмірлеріңіз өскелең ұрпақ үшін еңбекте, отбасында және қоғамдық жұмыста лайықты үлгі ретінде көрініс табады, ал біздің еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз баға жеткісіз деп айтуға болады. Облыс әкімінің атынан Елбасымыздың жүргізіп отырған көреген және сындарлы саясатын қолдағандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтқым келеді, барлығыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Қарт адамдарға мерекелік сыйлықтар ұсынылды, сонымен бірге көңілді концерт ұйымдастырылды.

Халықаралық қарттар күніне арналған қайырымдылық акциялары облыстың барлық аудандарында өтті.

 Өз тілшіміз. 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*