Басты бет » Әлеумет » Жылыту маусымына дайынсыз ба?

Жылыту маусымына дайынсыз ба?

Құлаққағыс

Қазан айында жылыту науқаны басталады. Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі тұрғындарға осы науқанға бір кісідей дайындық жасау қажеттігін ескертеді.

— Жылыту науқаны басталмас бұрын пәтер иелері кооперативтерімен кондоминиум төрағалары жылыту құрылғыларының техникалық дайындығын тексеруі қажет. Қысқы уақыттағы авариялық жағдайды болдырмас үшін «Трансэнерго» акционерлік қоғамы өкілдерін шақырып, үйдің жылыту жүйесінің техникалық дұрыстығын тексертіп, бұл жөніндеакт алу қажет. Мұндай дайындықсыз ешбір үйге жылу қосылмайды. Үй дайындығына барлығымыз жауапты болғандықтан, тұрғындар пәтер иелері кооперативтерімен кондоминиум төрағаларының осы жұмысты ұмытып кетпеуін қадағалауы тиіс, — дейді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Наурыз Күлімжанов.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*