Басты бет » Құқық » 20 құқықбұзушылық анықталды

20 құқықбұзушылық анықталды

Тәртіп

Көліктегі ішкі істер департаменті «Мүлдем төзбеушілік» атты үш күндік  акция өткізді.

Акцияның бірінші күні Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімімен бірлесіп жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 20 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген және ішімдік ішкен алты адам,  ұсақ бұзақылық жасаған, белгіленбеген жерде сауда жасап, қоғамдық орындарда тәртіп бұзған, тыйым салған жерде темекі шегіп, түрлі бұзақылыққа барған 9 адам ұсталды.

Сондай-ақ  қоғамдық ортада тәртіптің болуы үшін жолаушылар пойыздарында, мектепте, еңбек ұжымдарының арасында түсіндіру жұмыстары жүрді.

К.ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*