Басты бет » Әлеумет » Дәлел: іздеу және қолдану

Дәлел: іздеу және қолдану

Дін

Жуырда Бестамақ ауылында орналасқан Ақтөбе медресе-колледжінде имамдардың біліктілігін арттыру семинары өтті.

Облыстық дін істері басқармасына қарасты «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы ұйымдастырған семинарға Ақтөбе қаласы және барлық аудандардан келген имамдар қатысты. Оларға теолог мамандармен қатар, құзыретті органдар қызметкерлері және психолог мамандар дәріс оқыды, сондай-ақ қоғаммен байланыс, жеке тұлғалармен сұхбаттасу, оңалту жұмыстарын жүргізу барысында қажетті әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Тараз қаласынан шақырылған дінтанушы, «Кеңесхан» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл бүгінгі қоғамдағы имамның тұлғасы мен ролі, жамағат алдындағы жауапкершілігі жайында сөз қозғады. Мешіт имамдарына тұрғындар тек дінге қатысты сауалдармен жүгініп қана қоймай, әлеуметтік, тұрмыстық деңгейдегі мәселелерін шешу мақсатында да жауап іздеп келеді. «Осыған байланысты, әсіресе, қызметтік жолын жаңа бастаған жас мамандар өздері еңбек ететін жерді жан-жақты зерттеп, ерекшеліктерін ескеріп, халықтың деңгейімен санаса отырып, жауап беруге дағдыланулары керек», — деді Қ.Жұмағұл.

Семинар барысында«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы, психолог Б.Жүсіповүш кезеңнен тұратын тренинг өткізсе, Түркиядағы «Неджметтин Эрбакан» университетінің оқытушысы, фиқһ ғылымының докторы О.Шамшиев туындаған мәселелер бойынша кітаптардан дәлел іздеу жолдары, ал теолог Т.Талдыбаев Ханафи мәзһабында хадистерді дәлел ретінде қолдану әдістері төңірегінде жан-жақты әңгімеледі, басқа да дәрістер өтті.

Соңынансеминарғақатысушыларға сертификаттартабысталды.

 Элмира ӘДІЛХАНОВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*