Басты бет » Жаңалықтар » Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Дүйсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстық антитеррористік комиссияның отырысы өтті. Оған комиссия мүшелерінен өзге ҚМРБ төрағасы, Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай Ораз қатысты.

Ақтөбе облысының әкімдігі, Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасы және «Уақып» корпоративті қайырымдылық қоры діни экстремизмнің, радикализм мен терроризмнің алдын алудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

— Біздің облыста экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларының кешені қабылданып, оң нәтиже әкелуде. Олардың қатарында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы да бар. Дін саласының білікті мамандарын даярлаумен де жұмыстанып жатырмыз. Қазіргі таңда 77 ақтөбелік Қазан қаласындағы ислам институтында және Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» университетінде білім алуда, ал ақтөбелік медресенің мәртебесі колледж деңгейіне дейін көтерілді. Бұған қоса, біздер күш біріктіре отыра барынша тиімділікке қол жеткізе аламыз, — деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ең бастысы, меморандум өңірді жоғары білікті діни кадрлармен қамтамасыз етуде тараптардың күштерін үйлестіруге бағытталған. Облыс әкімдігі мамандарды баспанамен қамту және өзге де әлеуметтік қолдау шараларын өз міндетіне алады, ал «Уақып» қоры облыстағы мешіт имамдарын үнемі еңбекақымен қамтитын болады деп қарастырылған.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*