Басты бет » Жаңалықтар » Әңгіме өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы болды

Әңгіме өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы болды

Брифинг

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде Жол картасының формализациялау бойынша жүзеге асырылуы және бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел экономикасына тарту тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке осы салаға қатысты облыстық басқармалар мен мекемелердің, бірсыпыра қорлардың басшылары, жауапты өкілдері қатысты.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиева күн тәртібіне қойылған мәселеге байланысты атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, Жол картасын іске асыру бойынша бейресми жұмыспен қамтылған халықты формализациялау бойынша 59 мың ақтөбелік өзектілендірілген.

Облыста формалды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Баспасөз конференциясы барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мамытжанова, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақтөбе облысы бойынша филиалының ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Қамбар Мұқашев, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры акционерлік қоғамының облыстық бөлімшесінің директоры Гүлжанат Ерғазина журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*