Басты бет » Мәдениет » Жем-Сағыздың ән шашуы!

Жем-Сағыздың ән шашуы!

Астана қаласының 20 жылдығы, сондай-ақ Байғанин ауданының іргесінің қаланғанына 90 жыл толуына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгірдің шығармашылық кеші өтеді.

«Жем-Сағыздың ән шашуы» аталатын кеште жергілікті ақындардың сөздеріне жазылған әндер, туған жер туралы туындылар, басқа да шығармалар орындалады. 

— Туған жерге тарту ретінде «Жемнің бойында» деген жаңа ән жаздым. Бұрыннан айтылып жүрген «Бәкір аға» деген әнімді аудандық мәдениет үйінің «Құрбы қыздар» триосы орындайды. Тобық Жармағамбетовтің сөзіне жазылған «Жарқамыс вальсі» , Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған «Хат»  орындалады. Өтежан ақынның «Барсаң, сәлем айта бар Байғанинге» деген өлеңінде әнмен жеткізбекшімін, — дейді О.Байсеңгір.

Шығармашылық кешке белгілі әншілер Марат Әйтімов, Қанат-Света Айтбаевтар, Мирас-Құралай Бекжановтар, Жадыра Арыстанова, Жұлдыз Нұрқасымова, Аймұрат Мәжікбаев, Дулат-Рита Айтжановтар, Гүлнәзира Сағынғанова, басқа да әншілер, сондай-ақ, А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Достық сазы» фольклорлық ансамблі мен Байғанин аудандық Қазанғап атындағы ұлт аспаптар оркестрі қатысады.

Кеш 21 қыркүйек күні кешкі сағат 19.00-де Өнер орталығында болады.

 М.Рахатқызы. 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*