Басты бет » Құқық » «Жасөспірім» шарасы: 12 ата-ана бала үшін жауапқа тартылды

«Жасөспірім» шарасы: 12 ата-ана бала үшін жауапқа тартылды

Ақтөбеде республикалық «Жасөспірім» жедел шарасы аясында заң талаптарына мойынұсынбайтындар анықталды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы іс-шара 27 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған болатын.

Ювенальды полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің аулалары мен саябақтарда, жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдік жұмыстар жүргізіп, мезгілсіз уақытта ата-ана қарауынсыз  жүрген жасөспірімдерді анықтады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген дерек бойынша, «Жасөспірім» шарасы кезінде 293 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, ІІБ-не кәмелетке толмаған 324 жасөспірім әкелінген. Оның  252-сі мұнда заңды өкілдерінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүргені үшін кешкі 23.00-ден таңғы 06.00 дейінгі аралықта жеткізілді.12 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

ІІБ-нің есебіне 11 кәмелетке толмаған жасөспірімдер енгізілді.

— Бұл шаралар жасөспірімдер арасындағы қылмыстық істердің алдын алуда маңызды. Әсіресе, жаңа оқу жылы басталғанда бұған қатты қарауымыз керек.  Бұл кәмелетке толмағандарға ішімдіктер, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтауға, түнгі уақыттарда заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін болдырмауға септігін тигізеді. Жасөспірімдердің ата-аналарымен, ұстаздарымен де бірлесе жұмыс жасауға тырысамыз. Жаңа оқу жылы басталғалы орта мектептер мен орта арнаулы білім беретін колледждер ұжымымен де тығыз байланыс орната бастадық, — дейді облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювенальды полициясының жетекшілері.

М.ТАБЫН.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*