Басты бет » Жаңалықтар » Құрылыс нысандарын аралады

Құрылыс нысандарын аралады

Сенбі күні облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қаладағы бірқатар маңызды жобаның жүзеге асырылуымен танысты.

Алдымен Жаман Қарғалы өзені арқылы өтетін көпір мен Ақтөбе-Орск көлік жолы айналымындағы автокөлік жол айрығының құрылысын қарап, мердігер мекеменің басшысына жұмысты жандандырып, жобаны мерзімінде аяқтау қажеттігін тапсырды.

Одан соң облыс әкімі «Бақытты бала» жобасы аясында  «Артек» үлгісіндегі жыл бойғы демалыс базасы құрылып жатқан «Əсем» балалар лагерінде болды. Лагерьде оқу жəне жатын корпустарының құрылысы аяқталуға жақын. Оқу ғимаратының дизайны беті ашық жатқан кітап іспетті, ал жатын корпусы киіз үй түрінде жасалмақ. Балалардың қолайлы демалысы үшін аумақты көріктендіру жұмысы да жалғасып жатыр.

Өңір басшысы «Нұр Ғасыр» мешіті мен Неке қию сарайы ортасында орналасқан «Астана» саябағының құрылысымен де танысты. Аумағы 4,3 гектар жерді алып жатқан саябақта 200 орындық амфитеатр, су бұрқақты жасанды канал, соқпақ-сүрлеу жолдар желісін, бірегей шағын сəулет формаларын, жарықшамдар, жарық,  мүсіндер мен балалар алаңдарын орнату жоспарланып отыр. Отбасылық демалысқа арналған абаттандырылған саябақ ақтөбеліктердің Астананың 20 жылдық тойына тартуы болмақ.

Бұдан соң облыс әкімі Батыс-2 шағын ауданындағы Мұз сарайы мен тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратының құрылысы барысын тексерді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*