Басты бет » Спорт » Жолдастық кездесуде есе жіберді

Жолдастық кездесуде есе жіберді

Кеше Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда «Ақтөбе» мен «Орынбор» футбол клубтарының жолдастық кездесуі өтті. Көрермендердің қатарында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болды.

Ресей Федерациясының Орынбор облысына қарасты команда ә дегеннен-ақ жасыл алаңда белсенділік танытып, ақтөбелік әріптестеріне шабуылды үдетті. Алайда біздің спортшылар да біразға дейін оңайлықпен беріле қойған жоқ.

…Екінші таймда орынборлықтар күшке мініп, алдымен Алексей Сутормин, сосын Андрей Козлов әрқайсысы алаң иелерінің қақпасына бір-бір голдан сүңгітті. Олардың жолдастық кездесудің өзіне үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды…

Айта кетейік, үзіліс кезінде «Ақтөбе» футбол клубының директоры Самат Смақов кәсіпқой боксшылар — Ибрагим Ескендір мен Бобиржан Момыновқа салтанатты жағдайда өзі басшылық ететін команданың жейдесін сыйға тартып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, соңғы уақытта спорттық қырымен де көрініп жүрген әнші Ибрагим Ескендір көпшілікке жақсы таныс «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*