Басты бет » Спорт » Ауылдан барғандар жүлдемен оралды

Ауылдан барғандар жүлдемен оралды

Биылғы жылдың тамыз айында Қызылорда қаласында ҚР ауыл жастарының ІІ жазғы ойындары өтті. Аталған додада Әйтеке би ауданының жас спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысты. Олардың ішінде Әйтеке би ауданындағы Аққұм ауылының спортшысы Нұржаусын Серікұлы (жаттықтырушысы Ә.Байниязов) қазақ күресінен 46 келі салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болса, Әйтеке би ауданынан Мақсат Ақпалинов (жаттықтырушысы Ж.Естаев) 81 келі салмақта 3-орынға қол жеткізді.

Жарыс нәтижесі бойынша Ақтөбе облысы жалпы командалық есепте 3-орынды иеленді.

Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Рүстем Ермағанбетовтің айтуынша, ауданда қазақша күреспен айналысатын жастардың саны жылдан-жылға артып келеді. Облыстағы балалар және жасөспірімдер арасындағы спорт түрлерінен соңғы жеті айдың қорытындысы бойынша Әйтеке би ауданы алдыңғы лектен көрінген.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*