Басты бет » Мереке » Конституция күні: мерекелік шаралар қайда өтеді?

Конституция күні: мерекелік шаралар қайда өтеді?

Констиуция күніне арналған шаралар Ақтөбе қаласының бірнеше жерінде аталып өтіледі. Мереке құрметіне облыс орталығында бірқатар әлеуметтік ғимарат пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова «Халықтық кеңсе» қоғамдық қызмет көрсету орталығында журналистерге берген сұхбатында мәлім болды.

Қазақстан Республикасының Конституция күнін ақтөбеліктер биыл да ерекше атап өтпек. Мерекеде қаламызда көптеген әлеуметтік маңызды мәдени және спорттық шаралар өткізіледі. Қала аумағында өткізілетін мәдени-көпшілік шаралар «Егемендігім — елдігім» тақырыбымен ұйымдастырылады, — деді К.Айдарханова.

Жоспар бойынша, мерекелік шаралар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында, «Ретро», «Жеңіс» және А.С.Пушкин атындағы демалыс саябақтарында,  «Керуен сити» ойын-сауық, сауда орталығы мен «Металлургтер» мәдениет үйінде, Шығармашылық академиясында, «Нұр Ақтөбе» шағын аудандарында  концерттік бағдарламалар мен түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады.

К.Айдарханованың айтуынша, мереке күні Ақтөбе қаласының Сүт зауыты ауданы мен Жаңақоныс елді мекенінде жаңа мектептер пайдалануға берілмек. Сол сияқты, бұл күні «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 30 ақтөбелік отбасы жаңа пәтерлі болмақ.

Қазіргі кезде қаламыздағы Тұңғыш Президент атандағы саябақ ақтөбеліктердің жақсы көретін орнына айналды. Бұл жерде ұйымдастырылатын шараларды тамашалауға халық та  көп жиналады. Конституция күнінде саябақ алаңдарында өткізілетін спорттық шараларға «Street workout» спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының бас бапкері Айтым Жақыпов, әйгілі Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың ізін жалғастырушы, волейбол мен пауэрлифтингтен спорт шебері Сергей Цырульников, сондай-ақ халықаралық дәрежедегі Ресей Федерациясының спорт шебері, бірнеше дүркін Ресей, Еуропа және әлем чемпионы Иван Денисовтер келеді деп күтілуде. Сондықтан Ақтөбе қаласы тұрғындары мен қала қонақтарын Конституция күніне арналған шараларды тамашалауға шақырамыз! — деді К.Айдарханова.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*