Басты бет » Әлеумет » Жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі

Жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен 18-29 жас аралығындағы жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.  Жұмыс берушілер жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен мамандықтарына, қабілет-қарымына сай және жалпы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы туралы кеңінен ақпарат берді. 

Жәрмеңкеде 15 компания 50-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

Бос орындар жәрмеңкесі — жұмыссыздарға өте қолайлы мүмкіндік.

Бүгін қаламызда алғаш рет жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып отырмыз. Жәрмеңкеде жұмыс орындарын ұсынған әр компания таныстырылым жасады. Олар қандай жұмыс және жалақы ұсынатындығы туралы мәлімет берді. Жастардың көпшілігі заңгер, экономист, техникалық мамандықтар бойынша бітірген. Бүгінгі шарадан 36 және мүмкіндігі шектеулі 4 жас жастар тәжірибесіне жіберілді. Жалпы, ресми деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда қаламызда мыңға жуық жас жұмыссыз жүр, — деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Жұмыс іздеушілерге уақытша және тұрақты жұмысқа орналасу және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту мүмкіндіктері туралы түсінік берілді.

Бұл күні дәл осындай жәрмеңке «Керуен сити» сауда орталығында да өтті.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*