Басты бет » Әлеумет » «Менің таңдауым — балаларға көмек көрсету!»

«Менің таңдауым — балаларға көмек көрсету!»

Мектепке жол

Биыл 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында Мәртөк ауданының барлық білім беру ұйымдарында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып жатыр.

Аталмыш акция биыл «Менің таңдауым — балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілуде. Аудандағы бизнес құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қолдау білдіруімен көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету шаралары басталды. Сондай-ақ мектеп ұжымдары да қайырымдылық шараларына атсалысып, балаларға мектеп құралдарын алып берді.

Мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сату үшін кәсіпкерлердің қатысуымен мектеп жәрмеңкелерін өткізу жоспарланды. Мектеп мұғалімдері жалпы оқумен қамту жоспарына сәйкес, 18 жасқа дейінгі балаларды қайта есепке алу, тізімге енгізу жұмыстарын жүргізуді бастады.

Жалпы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 26 рейд жұмысы өтті. Акцияның шеңберінде жүргізіліп жатқан тағы бір шараны Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Мәртөк аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды. Олар Білім күні қарсаңында пробация бөлімінде есепте тұрған адамдардың балаларына жәрдем беру ісін қолға алды. Мәселен, жақында пробация бөлімінде есепте тұрған Ж.Камалованың мектеп жасындағы екі баласын мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтыды.

А.БОЛАТБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*