Басты бет » Әлеумет » Зағип жандарға көмек

Зағип жандарға көмек

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті халықтың әлеуметтік  осал топтарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  қатысты түсіндіру шарасын өткізді. Мақсат — «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, тұрғындардың мемлекеттік қызметті кедергісіз алуына ықпал ету.

Облыстық зағиптар қоғамының ғимаратында өткен шараға департаменттің және  азаматтарға арналған үкіметтің облыстық филиалының мамандары келді. Көзі нашар көретін азаматтар сұрақтар қойды. Мәселен, зағип жандар мемлекеттік қызмет түрлерін алу кезінде қиындықтарға тап болады. Кезекке тұрады, көзі көрмегендіктен құжаттарды оқып, жаза да алмайды. Осындай кезде азаматтарға арналған үкіметтің арнайы мобилді тобы қызмет көрсетеді. Бірақ мұны көпшілік біле бермейді. Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Мұстафинаның айтуынша, республикалық 14-14 желісі арқылы түскен өтініштер облысқа жолданып, мамандар сол бойынша қызмет көрсетеді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар кез келген мемлекеттік қызмет түрін үйінде отырып алуына болады. Ол үшін арнайы мобилді топ жұмыс жасайды. Осы уақытқа дейін 9 мың өтініш түсіп, 12 мың құжат қабылданған. Тағы бір ескертетін нәрсе, зағип жандар немесе өзге де мүмкіндігі шектелген азаматтар қызмет алу кезінде қандай да бір қиындықтарға тап болса, өтініш жазып, ұсыныс айтып, орталыққа хабарлауы керек. Азаматтардан өтініш түспесе, ұсыныс айтылмаса, қандай кедергі бар екенін орталық білмеуі мүмкін. Сондықтан азаматтар белсенді болуы керек, — деді Әсел Мұстафина.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мамандары қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделері туралы түсіндірді. Брайль шрифтімен жазылған парақшалар таратты.

Департаменттің бас маманы Ислам Алпысбаевтың айтуынша, бұндай шара аудандар мен ауылдық округтерде де өткізіледі.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*